Ол әйелдердің денесін балконға жасырып қойған
Қостанай облысында Рудный қаласының тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сотталушы жәбірленушінің мойнына пышақтаған. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұдан әрі ол қылмысын жасыру үшін жәбірленушінің әжесін де өлтірген. Айыпталушы жәбірленушімен жақын қатынаста болған және мұны әйелінен жасырғысы келген», - деп жазылған хабарламада.
Облыстық соттың хабарлауынша, сотталушы екі әйелдің денесін бөлшектеп, Тобыл өзеніне ағызып жіберу үшін пәтеріндегі балконға жасырып қойған.