Нұр-Сұлтанда интимдік қызмет көрсетіп келген массаж салоны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

20 мен 29 жас аралығындағы 13 қыз полицияға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Елорда полициясы интимдік, боди-массаж және жеңгетайлық қызмет көрсететін тұлғаларды анықтауға бағытталған рейдтік шаралар өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен қыздар интимдік қызмет көрсетіп келген массаж салоны мен пәтер анықталды

«Полицияға 20 мен 29 жас аралығындағы 13 қыз жеткізілді. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген жылжымайтын мүлік иелеріне қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полиция Біржан сал көшесі бойынан жыныстық қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған әйелді жеңгетайлық факті бойынша ұстады.