Оқиға Әуезов ауданында болған
Алматыда жұмысшылар өздері төсеген асфальтты қайтадан қопарып тастады. Олардың бұл қадамға баруына жігіттердің еңбекақсын дер кезінде ала алмауы себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жолай өтіп бара жатқан жүргіншінің сұрағына жұмысшылар «Ақшамызды бермей жатыр, бастықтар өздері пәтер алып жатыр, джип мініп жатыр. Аз ғана айлықты бермейді» деп жауап берген.
Оқиға Әуезов ауданында болған. Әкімдіктің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты ақпаратты кейін тарататынын хабарлады