Петропавлда терең шұңқырға құлап кеткен азамат қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмның жақындары қауіпті аумақты қоршамаған мекеме өкілдерін жауапқа тартқызбақ

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда 35 жастағы азамат терең шұңқырға құлап қаза тапты. Адам өліміне себеп болған жыра жылу құбырын тартуға қазылған екен. Енді марқұмның жақындары қауіпті аумақты қоршамаған мекеме өкілдерін жауапқа тартқызбақ.

«Қазір түк болмағандай бәрі қалпына келтірілген. Қайғылы жағдай күні бәрі басқаша, ашықшашық жатқан. Жарық та сол кезде жанды. Осы жағдайға кінәлілердің бәрі жауапқа тартылсын», - дейді Д. Калижниковтың ағасы Юрий Калижников.

Дмитрий Калижников екі күн бойы із-түзсіз жоғалған. Оны туыстары мен полицейлер бәрі жаппай іздеп, екі күннен кейін оның денесі үйінің жанындағы терең ордан табылды. Шұңқырға құлап, екі құбыр арасына қысылып, траншея түбіне жиналған суға тұншығып өліпті. Сараптама оның ішімдік ішпегенін анықтады. Енді Дмитрийдің жақындары желі төңірегін қоршамағандарды сотқа бермек. Ал құрылысшылар қауіпсіздік талаптары бұзылмаған деп бой берер емес. Олар қайғылы жағдайдың қалай болғанын түсінбей отыр.

«Күндізгідей бұл жер жап-жарық. Қоршау ретінде лента да бар еді. Бұл жерде не болғанын бір Құдай біледі. Екі құбырдың арасы 30 см ашық. Ол жерге қалай қысылып қалғанын түсінбедік», - дейді «Петропавловскспецкоммунстрой» ЖШС бас инженері Юрий Колесников.