$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 09:11
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда көктайғақтан екі күнде 60 адам зардап шекті

Оның тең жартысы – балалар

Нұр-Сұлтанда көктайғақтан екі күнде 60 адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден

Елордаға жауған қалың қар қозғалысты тежеп тұр. Екі күннің ішінде көшедегі көк мұзға тайып жығылған алпыс адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Оның тең жартысы – балалар, деп хабарлайды КТК. 

Мұзға тайып жығылған науқастардың басым көпшілігі білегі мен тобығын ауыртып алғандар. Қазір қалада зардап шеккен тұрғындарға төрт травматологиялық бөлімше мен жиырма травматологиялық кабинет қызмет көрсетіп жатыр. Ем алуға өзіңіз тіркелген мекемеге баруыңыз керек. Оны 109 қысқа нөмірі арқылы білуге болады.

«Тұрғындарға көмек көрсететін ауруханалардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өз кезегімізде біз тұрғындарға қардан тазаланбаған қараңғы көшемен жүрмеуге кеңес береміз. Мұзға тайып құлаған адам көрсеңіз, жедел жәрдем шақырыңыздарі», - дейді травматолог Алексей Солод.
 

Серіктес жаңалықтары