Ақмола облысының тұрғыны бірге тұрған әйелді қызғаныштан өлтіріп, денесін жертөлеге жасырған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 9 жылға сотталды

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында бірге тұратын әйелді қызғаныштан өлтіріп, денесін жертөлеге жасырған 35 жастағы тұрғын  9 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атбасар тұрғыны үйінде ішімдік ішкен. Кейін бірге тұрып жатқан әйел көзіне шөп салғандығын есіне түсіріп, жанжал шығарған. Әйелдің өлгенін байқаған ол, оның денесін сарайдағы жертөлеге тастап, оқиға орнынан қашып кеткен», - деп жазылған хабарламада.

Бұл қылмыс ер адам жасаған тағы бір қылмыстан кейін әшкере болды.