Бір адам ауруханаға жатқызылды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында шахтада метанның жоғары концентрациясының әсерінен жарылыс болып, 16 адам қаза тапты. Тірі қалған бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Шахта жергілікті энергетикалық компанияға тиесілі. Төтенше жағдай салдарынан үйінді астында 17 адам қалып, 16-сы қаза тапты. Біреуі ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған ақпаратта.
Қала билігі жұмыс тобын құрып, апат себебін анықтау жұмыстарын бастап кетті.