$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2020, 11:29
Оқиғалар

Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті

Біреудің көлігін айдап әкеткен азамат жол апатына ұшыраған

Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды «Azattyq Rýhy». Полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен.

20 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына  Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, аудан орталығына туысының үйіне келгенде түнгі сағат 1:00 шамасында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткенін жеткізген.

«Арада біршама уақыт өткенде полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көліктің аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өртенген ұрланған көлік екенін анықтады. Куәгерлер көлік аударылғанда оның ішінен белгісіз азамат шығып, оқиға орнынан ізін суытқанын айтқан», - делінген хабарламада.

Автокөліктің қатты өртенгені сондай, қайта жөндеуге жарамсыз болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстап, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары