Денсаулық сақтау вице-министріне қатысты тергеу жалғасып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олжас Әбішев 500 млн теңге көлемінде пара алды деген күлікке ілінді

Фото: ашық дереккөзден

Олжас Әбішевтің ұсталғаны туралы алғаш рет ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті хабарлаған. Бүгін комитет төрағасы Жанат Элиманов Әбішівке қатысты қолда бар ақпаратын ұсынды.

«Бұрынғы вице-министр (Денсаулық сақтау - авт.) Олжас Әбішевке қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Ол ақпараттық орталық құруға арналған  500 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр. Сот шешімімен ол екі айға қамалып отыр», - деді Жанат Элиманов.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевті екі айға уақытша қамау туралы шешім қабылдап отыр.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан