19.09.2020, 16:16
Оқиғалар
Оралда жоғалған тұрғын өлі күйінде табылды
Полиция бұл өзін-өзі өлтіру деп хабарлайды
Бүгін, 19 қыркүйекте, Оралда тоғыз күн бұрын жоғалып кеткен Мадияр Бисенғалиевтің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Менің қалам» порталына сілтеме жасай отырып.
Ер адамның денесі Орал өзенінің жанындағы орман алқабынан табылды.
«Ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу). БҚО полиция департаментінің жеке құрамы туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп хабарлады полициядан.
54 жастағы Мадияр Бисенғалиев 10 қыркүйекте үйінен кетіп, қайтып оралмаған. Ер адамды іздестірумен полиция қызметкерлері айналысты.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)