19.09.2020, 14:55
Оқиғалар
Елбасы Ақтаудағы Әбіш Кекілбаев атындағы мұражайға барды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ақтаудағы Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Елбасы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражай экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайдың құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүр. Елбасының назарына Каспий теңізінің жағалауында туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)