$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2020, 21:34
Оқиғалар

Көкшетауда жігітін қызғанған әйел оған бірнеше жерден пышақ салған

Оқиға кезінде екеуінің алкогольді ішімдік ішкені белгілі болды

Көкшетауда жігітін қызғанған әйел оған бірнеше жерден пышақ салған
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетау қаласында ішімдік ішкеннен кейін өзара дауласқан жұптың жанжалы төбелеске ұласқан. Жігітті қызғанған әйел оған бірнеше жерден пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 қыркүйек күні Көкшетау қалалық полиция басқармасына қалалық аурухананың қабылдау бөлімінің мейірбикесі телефон шалып, пышақ жарақатын алған жергілікті тұрғынның ауыр халде ауруханаға түскенін хабарлаған. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары оны пышақтады деген күдікпен жігітпен он айдан астам уақыт бойы кездесіп жүрген әйелді ұстады. Ол өз кінәсін толық мойндады», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 106 «Қасақана денсаулыққа ауыр залал келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары