Оның суицидке неліктен барғаны және оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда
Алматыда ер адам көпірден секіріп мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін, 17 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында полицияның жедел басқару орталығына Сүйінбай даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен ер адамның секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
«Суицид жасаған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қайтыс болған адамның жеке басы анықталуда», – деп хабарлады полициядан.
Жетісу ауданының полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Суицидтің себебі және оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.