Павлодарда оқ жарақатын алған жігіттің денесі табылды
Қылмыс жасаған күдікті ұсталды
Павлодар қаласының маңында шетелдік автокөліктің салонынан оқ жарақатын алған жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«16 қыркүйек күні кешкі сағат он шамасында Павлодар маңындағы Жаңа-ауыл кентіндегі базалардың бірінің аумағында, Audi A6 автокөлігінің салонынан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ол мылтықтың оғынан жарақат алған Қылмыс жасағаны үшін 54 жастағы ер адам ұсталды», - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.
Ұсталған адамнан қару тәркіленді. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам Павлодар қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.