Қазақстандықтарды 1,5 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Тараз қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты

Фото: ашық дереккөзден

Тараздық полицейлер Қазақстанның әр облысының тұрғындарын 1,5 миллион теңгеден астам сомаға алдап кеткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық деректерін жасағаны үшін Тараз қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады, ол тұрғындардың қаржысын көбейтемін деп сендіріп, олардың ақшаларын алдап алған.

«Алдын ала тергеу барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен алтыдан аса адам алаяқтың құрбаны болғаны анықталды, олар жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден аса қаражатын аударған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.