Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Петропавлда тұрғындардың атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды. Ол жұмыс берушінің атын жамылып, онлайн-несие алу үшін солтүстікқазақстандықтардың жеке деректерін біліп алған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл полицейлері облыс орталығының тұрғындарының атына ресімдеген 30 жастағы қылмыскерді ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол интернет-ресурста әртүрлі танымал сайттарға жұмысқа қабылдау туралы жарнамалар орналастырған. Ол қоңырау шалушыларға жеке деректерін, оның ішінде карта нөмірін көрсетуі керек болатын келісімшартты толтыруды ұсынған. Алынған ақпараттың көмегімен ол несие алу үшін әртүрлі шағын несиелік ұйымдарға жүгінген. Несиелік қаражат оларды пайдаланатындардың карточкаларына аударылған кезде, ол ақшаны өзінің болашақ қызметкерлерін алдау үшін әртүрлі оқиғалар ойлап тапқан. Мысалы, алаяқ өзінің жұмыстан шығарылған қызметкеріне есепшоты болмағандықтан ақша аудара алмайтынын айтқан. Осылайша, ол карточка иелерінен есепшоттағы ақшаны киви-әмиянға аударуды сұраған. Аударылған қаражат 160-тан 220 мыңға дейінгі соманы құраған.
«Онлайн-несиеге қатысты осындай фактілер бұрын да тіркелген. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, бірақ адамдар өздерінің дербес мәліметтерін ұсына отырып, алаяқтардың қармағына түсе береді. Олар төлемдер бойынша берешектің болуы туралы хабарлама ала бастаған кезде ғана несиенің ресімделгені туралы біледі. Осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмас үшін телефон, интернет-ресурстар арқылы кез-келген мәліметтерді ұсынбаған абзал», – дейді Петропавл қаласының ПБ бастығы Жандос Мұхатов.