Сондай-ақ 10 жыл бойы экономика саласында басшылық қызметке бара алмайды
Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 63 қылмыс, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру арқылы қандай да бір қызмет атқармайтын ЖШС есепшоты арқылы екінші деңгейлі банктерден қаражатты заңсыз қолма-қолға айналдырудың 2 фактісі анықталған болатын.
Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.
Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-б. сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында 10 жыл мерзімге басшылық қызметпен айналыспау туралы шектеу қойылды.