$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2020, 12:19
Оқиғалар

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары 2 айға қамауға алынды

Лауазымды тұлға мемлекетке 107 млн теңге көлемінде шығын келтірген деп айыпталып отыр

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары 2 айға қамауға алынды

Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің мемлекетке 107 млн теңге шығын келтіргенін, қазіргі уақытта ол сот санкциясымен 2 айға қамауға алынғанын хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, 12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері қала әкімінің орынбасарын ұстаған.

«Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді. 2018 жылы Қарағандының ірі панельді тұрғын үйлерін салуға «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру және жымқыру бойынша алдын ала сөз байласты деп айыпталып отыр», - делінген хабарламада.

Қазір оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, іс облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша тергеуге қаытсты өзге де ақпарат құпия болып саналады және оны жариялауға болмайды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны хабарланған болатын.

Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып 2019 жылы ақпан айында тағайындалған еді. Ал 2011-2019 жылдар аралығында қаланың құрылыс бөлімін басқарған. Шалабеков әкім орынбасары қызметінде архитектура, қала құрылысы, жаңа әлеуметтік объектілер мен тұрғын үй салу мәселелеріне жауап берген.

Серіктес жаңалықтары