Олар өлер алдында туыстарына хат жазып кеткен
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Ленин ауылының маңындағы орманнан асылып тұрған қыз бен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қаласындағы колледждің 16 жастағы студенті және Талшық ауылының 23 жастағы тұрғыны өздеріне қол жұмсаған.
«Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан қыз бен жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Олар хатты туыс-туғандарына арнап жазған. Сонымен бірге орманда жігітке тиесілі ВАЗ-2109 автокөлігі де болды», - деді полиция департаментінің өкілдері.
Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.