СҚО-да құжаты жоқ ана мен бала табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Анасы да, 8 жастағы қыз да хат танымайды

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында фермерлік шаруашылықтың бірінен 1988 жылы туған әйел мен 8 жасқа таяған бала табылды. Анасы мен қызының ешқандай құжаты жоқ, хат танымайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әйелді полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер үйіне жеткізген. Ал оның қызы мектепке бармаған, ойыншықтың не екенін білмейді. Қазір анасы мен баласына мединициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Әйел Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екенін айтқан. Қазір оның кім екенін анықтау және құжат жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.