Қостанай облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер оны Валерьяновка ауылының маңындағы бос үйден тапты

Фото: polisia.kz

Қостанай облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім қыз табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Полицейлер қызды өзі тұратын Валерьяновка ауылының маңындағы бос үйден тапты. Оның жағдайы жақсы, ата-анасына тапсырылды. Полиция басқа мәліметтерді хабарлаған жоқ», - деп жазылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 14 жастағы Анна Карпенко 9 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, содан оралмаған.