$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2020, 15:21
Оқиғалар

Зорланған иттердің видеосы зоофилдерге сатылған болуы мүмкін

Azattyq Rýhy тілшісі елордадағы иесіз иттерді зорлаған орынға барып, жағдаймен танысып қайтты

«Астана Ветсервис» мекемесіне қарасты иесіз жануарларға арналған изоляторда төрт ит қатыгездікпен зорланған. Төртаяқтылардың жыныс мүшесіне зақым келген.

Ауланған иттерді бағуы тиіс «Астана Ветсервистің» жұмысына волонтерлердің көңілі толмайды. Иттерді зорлау фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Шағымды еріктілер жазған. Иесіз иттерге зәбір көрсеткендерге қатысты тағылған айып дәлелденсе және үй жануарын қорлағандар анықталса, оларға 348 мың теңге айыппұл салынады немесе 30 күнге қамауға алынады.

Azattyq Rýhy тілшісі иесіз иттерді зорлаған орынға барып, жағдаймен танысып қайтты. Волонтерлердің пікірін біліп, үй жануарын қорлаушылар мұндай қадамға не үшін баруы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрді.

«Стоп отлов» қорының жетекшісі Юлия Петченко зорланған иттердің видеосы зоофилдерге сатылған болуы мүмкін екенін айтады.

«Зоофилдерге арналған сайт бар. Ондай сайттардың контенті тегін тұрмайды, сол үшін бұл ақша табудың жолы болуы мүмкін деп есептейміз. Волонтерлер бұл жерде кешкі сағат 18:00-ге дейін болады, ал одан кейін не болғанын білмейді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК Нұр-Сұлтан қаласындағы жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

6 қыркүйекте еріктілер Ақсүмбе-1 көшесіндегі иттер мен мысықтарды оқшаулау базасынан жыныстық мүшелері жыртылып, зорланған 4 итті тапты. Олардың бірі қатты зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары