Нұр-Сұлтанда 7 жыл бойы іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды
1983 жылы туған ер адам өзі туралы жалған мәліметтер берген

Нұр-Сұлтанда 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тексеру барысында «Сарыарқа» ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Ерболат Мыңбаев Жеңіс даңғылында күдік тудырған азаматты тоқтатып, құжаттарының жоқ екенін анықтаған. Сонымен қатар, ер адамның белгілі бір тұрғылықты жері болмаған. Оның кім екенін анықтау және қосымша ақпарат алу үшін ер адам Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жеткізілді. Тергеу барысында 1983 жылы туған ер адамның Қырғыз Республикасының азаматы екені және 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүргені анықталды.», - делінген хабарламада.
Полицейлердің айтуынша, ұсталған адам өзі туралы жалған мәліметтер берген. Арнайы жүргізілген жұмыстары барысында ұсталған азаматтың кім екені анықталды.