Қармақшы ауданында тойханада қыз ұзату жасағандар жауапқа тартылды

Той Төретам қаласындағы тойханалардың бірінде өткен

Қармақшы ауданында тойханада қыз ұзату жасағандар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

10 қыркүйек күні сағат 22:10-де ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп өткізген «Учаске» жедел профилактикалық шарасы аясында Төретам кентіндегі тойхананың біріне адамдар жиналып, қыз ұзату тойын өткізіп жатқаны анықталған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Тойды ұйымдастырушылар Қызылорда облыстық бас санитар дәрігерінің №20 қаулысында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзған. Олар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабымен қарастырылған әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Аталған факт бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін жиналған құжаттар Қармақшы аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.