Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 1 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы тәулікте 353 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 353 адамнан коронавирустық пневмония анықталып, 37 адам емделіп шықты. 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, коронавирустық инфекциядан қазіргі уақытта 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.