Астанада «Mega Silk Way» сауда орталығынан киім-кешек ұрлаған келіншек қолға түсті
Ол киім-кешекті күйеуі мен баласына апарып бермек болған
28 жастағы астана тұрғыны «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығына барып, «DeFacto» және «Waikiki» дүкендерінен киім ұрлаған, бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлайды.
«Әйел заттарды алып, оларды киім ауыстыратын бөлмеге апарып, магниттік қыстырғыштарды қайшымен кесіп, сөмкеге салып, дүкеннен кете барған. Ұры ерлер мен балалардың заттарын қолды еткен. «DeFacto» дүкенінен ерлер сөмкесін, 3 шалбар, әйелдер шалбарын және футболка алған. «Waikiki»-ден балаларға арналған киімдерді таңдаған»,- делінген хабарламада.
Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұрланған заттарды күйеуі мен баласына бергісі келгенін түсіндірді. Киім-кешек толығымен тәркіленді.
«Осы факт негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің елорда аумағында осы тектес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерліп жатыр»,-делінген хабарламада.