$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2020, 12:43
Оқиғалар

Таразда өз бақшасында марихуана өсірген тұрғын ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Таразда өз бақшасында марихуана өсірген тұрғын ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Тараз тұрғыны өз бақшасында марихуана өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйекте «Қарасора-2020» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының 60 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның жекеменшік үйінің бақшасына өсірген жалпы салмағы 60 келі марихуана есірткі заты табылып тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға тыйым салынған қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктерді өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары