Бішкектің орталығында үш бірдей жарылыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Дәмхана қызметкері жедел жәрдем жеткенше көз жұмды

Sputnik

Қырғызстан астанасының орталығында жойқын үш жарылыс болды деп хабарлайды 24.kg. Әзірге бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар.

Жарылыстың үшеуі де Чуй мен Эркиндик көшелерінің қиылысыендағы «Антошка» дәмханасында болған. Ғимарат тұтастай жанып кетті.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, дәмханада жұмыс істеген 1 қыз қайтыс болып, 13 адам жараланған. Алдын ала болжам бойынша, дәмхананың асханасында тұрған газ баллондары жарылған болуы мүмкін.