Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 4-те Алматы-Қорғас жолының 94 шақырымында орын алды
Жолаушылары бар автокөлік батысқа қарай (Батыс Еуропа-Батыс Қытай) бағыт алған. BMW-528 маркасындағы автокөлікті 22 жастағы жүргізуші басқарған. Қатты жылдамдықпен қозғалған автокөліктің жүргізушісі қараңғыда жол бойына шыққан атты байқамады. Өкінішке орай, автокөлікте болған 1950 жылдың тумасы Есік қаласының орталық ауруханасында көз жұмды.
Аталмыш учаскеде жарықтандыру мен үй жануарларының жолға шықпауына арналған қоршаулар қарастырылмаған. Екі бағыттағы жол қозғалысын металл қоршаулар бөліп тұрады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғасының себепшісі болған үй жануарының иесін іздеуде.