Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған елордалық азамат 2,5 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан қаласында 47 ойын терминалының иесіне қатысты сот үкімі шықты

Фото: tengrinews.kz

Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған елорда тұрғынына қатысты қылмыстық іске тергеу жүргізді.

«Күдікті аса ірі көлемде пайда табу мақсатымен бір топ тұлғамен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 47 ойын терминалын қолданып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген», - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елорда тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлімі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.