$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2020, 14:28
Оқиғалар

Қызылорда облысында есірткі еккендер ұсталды

Күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалды

Қызылорда облысында есірткі еккендер ұсталды

3 қыркүйек күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қармақшы ауданы Төребай би ауылынан 50 шақырымдай жерде 404 түп сора өсімдігін еккен тұрғынды анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда қаласының 58 және 29 жастағы тұрғындары ұсталды.

Оқиға орнын тексеру барысында 404 түп салмағы 70 келіге жуық жасыл түсті өзіне тән иісі бар өсімдіктерді еккені анықталды.

Қазіргі таңда күдіктілер Қармақшы АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300 бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Серіктес жаңалықтары