$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2020, 13:51
Оқиғалар

Ақтөбе облысында әкесіне «тонап кетті» деп өтірік айтқан тұрғын полицияны әбігерге салды

Үйге сөмкесіз оралған қыз әкесіне оған белгісіз біреу шабуыл жасап, тонап кеткенін айтқан

Ақтөбе облысында әкесіне «тонап кетті» деп өтірік айтқан тұрғын полицияны әбігерге салды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны «белгісіз біреу тонап кетті» деп жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

1 қыркүйекте полицияға тонау әрекеті болғаны жайлы шағым түскен. Арызданушылардың айтуынша, велосипедпен жүрген белгісіз біреу оның сөмкесін ашық түрде ұрлап кеткен. Сондай-ақ оған жалпы көлемі 10 мың теңге шығын келтірген-міс. Алайда тергеу барысында анықталғандай, іс жүзінде қызға қатысты тонау болмаған және оны өзі ойлап тапқан.

«Сол күні кешке ол жұмыстан шығып, танысымен кездескен. Сосын көлікте аяқ асты жанжал шығып, ер адам қыз баланы бетінен ұрып жіберген. Ашуланған қыз көліктен түскенде сөмкесін алуды ұмытып кеткен. Үйге сөмкесіз оралған қыз әкесіне оған белгісіз біреу шабуыл жасап, тонап кеткенін айтқан. Сосын әкесі полицияға жүгінді. Қазір тонау ісі тоқтатылып, қызға қатысты жалған ақпарат беру фактісі бойынша шешім қабылданады», - деп хабарлайды.

Еске сала кетейік, көрінеу, жалған айғақтар бергені үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Серіктес жаңалықтары