$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2020, 12:07
Оқиғалар

Түркістан облысында жоғалып кеткен 75 жастағы зейнеткер табылды

Әжей бейтаныс үйге шатасып кіріп кеткен

Түркістан облысында жоғалып кеткен 75 жастағы зейнеткер табылды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 75 жастағы әжені үйіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz. Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Онда үйіне қыдырып келген анасының сағат 15:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткенін көрсеткен. Екі күн бойы өз бетінше іздеуден нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Бұл жайтқа байланысты тәжірибелі полиция қызметкерлері жұмылдырылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді.Тәртіп сақшылары көп ұзамай 75 жастағы қарт әжейдің бейтаныс үйге шатасып кіріп кеткенін анықтады. 

«Анамды тауып берген барша полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Сіздер болмағанда әлі күнге дейін таба алмас едік. Полицейлер адал еңбектерімен қандай істің болмасын қиындығына төтеп береді. Өз істерінің нағыз майталмандары. Істеріңіз алға баса берсін», – деп ризашылығын білдірді арызданушы.

Серіктес жаңалықтары