07.09.2020, 10:55
Оқиғалар
Қостанай облысында шенеуніктер кәсіпкерден 10,8 млн теңге пара талап еткен - агенттік
Олар заңсыз түрде серіктестік басшысын 10 млн теңгеден ақша аударуға мәжбүрлеген
Фото: Батыржан Беспаев
Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, қазір күдікке ілінген тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Олар қызметтік бабын асыра пайдаланып, шағын және орта бизнес субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын заңсыз түрде Заречный кентінде газ құбырын тартуға қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу үшін 10,8 млн теңге аударуға мәжбүрлеген», - делінген хабарламада.
Қазір аталған лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады