Түркістан облысында полицейді көлікпен сүйреген адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: видеокадр

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторының өміріне қауіп төнгеніне қарамастан жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сайрам ауданы Ақсукент кентінде жол-патрульдік полиция қызметкері күдік туғызған ВАЗ автокөлігін байқап, тәртіп бұзған жүргізушінің жолын бөгеп үлгерген. Алайда күдікті тәртіп сақшысының талабына бағынбаған. Осы кезде учаскелік полицей жүріп бара жатқан көлік капотына секірген. Тәртіп бұзған ер адам полицейді капоттың үстінен лақтырып жіберу үшін жылдамдығын асырған», - деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір таңда бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.