Рудныйда зейнеткер батпаққа түсіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зейнеткерді өрт сөндірушілер құтқарып қалды

Фото: ашық дереккөзден

Рудныйда саңырауқұлақ теруге барған зейнеткер батпаққа түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтем жасап.

Тобыл өзенінің сағасында зейнеткер екі сағат бойы тұруға мәжбүр болды. Бұл уақыт аралығында батпаққа белуарға дейін кіріп кеткен.

Зейнеткерді өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері құтқару арқаны және үшиінді сатының көмегімен алып шықты. Құтқару операциясына 20 минуттай уақыт кетті.