$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2019, 03:26
Оқиғалар

Өскеменде ер адам мойнын тіліп, өзіне қол салмақ болды

6 қарашада жедел жәрдем бригадасы Өскемен қаласының 29 жастағы тұрғынын құтқарып қалды

Өскеменде ер адам мойнын тіліп, өзіне қол салмақ болды

Өскемен қаласының тұрғыны мойнын қатты жарақаттап, өзіне қол жұмсамақ болған, деп жазады  Azattyq Rýhy.
Кеше, 6 қарашада жедел жәрдем бригадасы Өскемен қаласының 29 жастағы тұрғынын құтқарып қалды. Жедел жәрдем бригадасы дереу полицияға ақпарат жіберген. Енді істі тәртіп сақшылары бұл істі тергеуге кірісті. 

Жас жігіттің мойнынан пышақ жарақатын көрген дәрігерлер бірден оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, науқастың жараны қалай алғандығы туралы қорқынышты мәліметтерді анықтады. Ер адамның өз-өзіне ауыр зиян келтіргені белгілі болды. 

«Біздің қызметкерлеріміз сауал қоя отырып, ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады, алайда ол азамат өзінің бұл әрекетінің себебін түсіндірмеген.

«Қылмыстық кодекстің «Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекет ету» (ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлігі) және «Өз-өзіне қол жұмсау» (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды Өскемен қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Серіктес жаңалықтары