Тағы бір адам зардап шекті
Ақмола облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Renault» жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Volkswagen Passat» жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Ал оның жанындағы 47 жастағы әйел жарақат алды», - деп жазылған хабарламада.
Жол апатына себепкер жүк көлігінің жүргізушісі Украина елінің азаматы. Апат алдында оның «жүрек талмасы» ұстап қалған.