Құндыз Жолтаева 4 қараша күні Ақсай қаласындағы үйінен шығып кеткен соң қайтып оралмаған
Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз кеткен 22 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Құндыз Жолтаева 4 қараша күні шамамен, сағат 09.00-де Ақсай қаласы Заводская көшесі, 88 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен соң қайтып оралмаған.
Үстіне капюшоны бар қызыл пальто, көк түсті джинсы, қара кофта, аяғына қоңыр етік киген бойжеткеннің бойы - 170 см, салмағы - 60 кг, шашы - қара, ұзын.
Құндыз Мұратқызының қайда жүргенін көрген-білгендер болса, 102 немесе 8-778-544-44-34 телефонына хабарласуына болады.