Құлдықтан әрең құтылған азаматты полиция қамауға алды

Жарияланған:
08.11.2019, 00:21

Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін Алматыда ұрлық жасағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде жүрген

Шымкентте бір жарым жыл бойы құлдықта болып, азап көрген алматылық ер адамның оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, полиция ер адамның өзін қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, ер адам Алматыда ұрлық жасағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде жүрген. Ол осы уақытқа дейін өзін басқа фамилиямен таныстырып келген.

«Түркістан облыстық полиция департаменті Шымкент қаласы маңында бір жарым жыл бойы құлдықта болған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында ер адамның ұрлық жасағаны үшін 2017 жылдан бері Алматы қаласының Алатау аудандық полиция бөлімімен іздестірілгені де анықталды. Ер адам осы уақыт бойы өзгенің тегімен жасырынып жүрген», - деп атап өтті полициядағылар.

Полиция ер адамды қазір Алматы полициясының қамауға алғанын айтты. 

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Ақтауда болған жаппай төбелестің видеосы тарады
Алматыда мүгедек азаматты ұрған студент оқудан шығарылады
СҚО-да еңбегі сіңген мұғалімді айуандықпен өлтіріп кеткен

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов