Қарағандының екі тұрғыны жалған құжатпен жалпы сомасы 16 млн теңге зейнетақы алған

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 71 және 75 жаста

Фото: polisia.kz

30 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне екі алаяқтық фактісі бойынша материал тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz

«Алдын ала анықталғандай 71 жастағы ер адам 2000 жылы өзінің еңбек өтілі бойынша жалған құжаттар тапсырып, 20 жыл бойы жалпы соммасы 7 миллион 400 мың теңге заңсыз зейнетақы алып келген. Сондай-ақ, жиырма жыл бойы өзіне қолайлы еңбек өтілін жасаған 75 жастағы әйел де жалпы соммасы 9 миллион 300 мың теңге зейнетақы алған», - деп жазылған ақпаратта.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілір жатыр.