02.09.2020, 00:54
Оқиғалар
Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлтірген
Соққыға жығылған қызметкер ауруханада бір апта жатып, көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабаған. Ауыр соққыдан соң ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Шарбақты ауданында болған. Отбасылық мерекеде бас қосқан директор мен орынбасар өзара сөзге келіп қалған. Соққыға жығылған қызметкер ауруханада бір апта жатып, көз жұмды.
«Олардың не себептен олай бір-бірімен төбелескені белгісіз. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға жұмыстан тыс уақытта болған», - деді Шарбақты аудандық мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Бақыт Смаков.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)