02.09.2020, 00:33
Оқиғалар
Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар бала табылды
Полицейлер оны ата-анасына табыстады
Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар бала табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«29 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Әл-Фараби ауданында үш жасар із-түзсіз жоғалып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Асқаров көшесі Акация аялдамасы маңында ата-анасының қарауынсыз жүрген бүлдіршінді байқайды. Баладан аты-жөнін сұрағанда ол жауап бере алмағандықтан», - деп жазылған хабарламада.
Ол №13 учаскелік полиция тірек пунктіне жеткізілген. Тәртіп сақшылары Ұлттық Ұлан сарбаздарымен бірге баланы ата-анасына аман-есен табыстады.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)