30.08.2020, 21:14
Оқиғалар
Павлодарда қонақүйлердің бірінде өрт шықты
Ағаш кешен толығымен жанып кетті
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодарда қонақүйлердің бірінде өрт шықты. Апат кезінде 7 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 30 тамыз күні сағат 02:29-да Павлодар қаласы, Лимон аллеясы көшесі, 42 мекенжайындағы «Усадьба» ресторан-қонақүй кешенінде өрт шыққаны туралы қоңырау түскен.
«Ағаш кешен толығымен жанып кетті. Тілсіз жау 200 шаршы метр аумаққа жайылды. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамның 34 сарбазы мен 11 техника жұмыс істеді», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыста 5 өрт тіркелген.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды