Жәшіктегі қаражат әйелдер мен балаларға қайырымдылық көмек ретінде берілуі керек болған
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында «салафизм» ағымын ұстанушы тұрғын жергілікті мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кетті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған жәшікке жиналған қаражат ақшаға мұқтаж әйелдер мен балаларға арналыпты.
Жедел іздеу шараларын жүргізген полицейлер күдіктінің ізін суытпай ұстады. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 1-тармағы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлердің мәліметінше, ұсталған азамат деструктивті «салафиттік» ағымның өкілі болған.