Көлігінде тапанша мен есірткі алып жүрген 2 алматылық ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшыларын көрген күдіктілер есірткі салынған қалтаны лақтырмақ болған  

«Буран-219» патрульдік экипажының қызметкерлері Құрманғазы мен Зенков көшелерінің қиылысында екі адам отырған көлікті байқайды. Көліктегілер тәртіп сақшыларын көріп қатты қобалжи бастады.

«Біреуі есірткі салынған қалтаны лақтырмақ болды. Сондай-ақ көлікті тінту кезінде тапанша табылды, оны көліктегілердің бірі аң аулауға досынан сұрап алғанымен түсіндірді. Сол жерге Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы шақырылды. Айыпталушылар Медеу аудандық ПБ-на жеткізілді», – деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алынған заттай дәлелдемелер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.