Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды интимдік бейнемен бопсалаған

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі күнге дейін қаскүнем жәбірленушілерден миллион теңге жымқырған

Түркістан облысы, Жетісай ауданы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын бопсалау туралы арызданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Otyrar.KZ-ке сілтеме жасай отырып.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз қыз ағымдағы жылдың маусым айынан бастап кәмелетке толмаған қызын бопсалап, әлеуметтік желілерде интимдік сипаттағы бейне жариялаймын деп қорқытып отыр. 

Бүгінгі күнге дейін қаскүнем жәбірленушілерден миллион теңге жымқырған.

Күдіктінің жеке басын анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері жәбірленушіден тағы 120 мың теңге бопсалаған күдіктіні ұстады.

Ұсталған азаматша Мақтарал ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақ зат ретінде ақша мен бейнематериалдар алынды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.