$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2019, 09:16
Оқиғалар

Қарағандыда 2 апта бұрын болған жол апатынан жараланған келіншек есін жимай қайтыс болды

Lexus LX570 жол талғамайтын көлігімен 5 бірдей автокөлікті соққан дәулетті кәсіпкердің жазасы енді ауырлауы мүмкін

Қарағандыда 2 апта бұрын болған жол апатынан жараланған келіншек есін жимай қайтыс болды
Sputnik Казахстан

Марқұмның жасы небәрі 29-да. Ол өткен түні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірі үшін 2 апта бойы күрескен.

Жол талғамайтын «Лексус» автокөлігін мас күйде жүргізіп, 5 бірдей көлікті соққан адам – астық өңдеп, ұн шығаратын компанияның қожайыны Серікбол Сәрсенов. Оқиғаның видеосы сол кезде-ақ әлеуметтік желілерге тарап кеткен еді. Кәсіпкердің қос ұлы әкелерін полицияға беруден бас тартып, арашалап алмақ болған сәті де камераға жазылып қалған.

Сол күнгі жол көлік оқиғасынан «Лада» автокөлігінде отырған 25 жастағы жігіт жеңіл жарақат алып, лның жанында болған 29 жастағы келіншек ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Кешегі түні ол жан тапсырды деп мәлімдеді КТК телеарнасының тілшілері.

Қазір Серікбол Сәрсенов тергеу абақтысында жатыр. Ал, полицейлерге күш көрсетпек болған екі ұлы әкімшілік жазаға тартылды.

Серіктес жаңалықтары