Жану алаңы - 270 шаршы метр
Шымкентте салынып жатқан әуежай терминалында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Белгілі болғандай, таңертең төрт қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Отта ағаш арқалықтар болды. Жалын шамамен жарты сағаттан кейін сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
«Шымкент қаласы әуежайының аумағында 6:55-те жаңа салынып жатқан терминалдың шатыры өртенді. Жану алаңы - 270 шаршы метр. Өртті оқшаулау уақыты – 7:27, жою - 7:35. Өртті сөндіру үшін 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 40 адам тартылды»,- деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖБ басшысы Нұрболат Дербісов.