Қылмыстық істерді тексеруді прокуратура өз мойнына алған көрінеді.
Ақтауда Анастасия Мурашова есімді мүгедек қызды полиция қызметкерлері соққының астына алды деген факті бойынша соталды тергеу ісі басталды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Анастасия Мурашоваға «билік өкілдеріне қарсы зорлық жасады», ал полиция қызметкерлеріне «өз қызметін асыра пайдаланды» деген айыптар тағылды», – деп мәлімдеді еліміздің басты транспорттық прокуратурасы.
Сонымен қатар, қылмыстық істерді тексеруді прокуратура өз мойнына алған көрінеді.
«Тексеріс барысының әділ өтуін қадағалау мақсатында оқиғаға қатысы бар барлық материалдар сараптаудан өтті», – делінген басты транспорттық прокуратураның мәлімдемесінде.
Бұған дейін мүгедек қыздың анасы Наталья Мурашова полиция қызметкерлеріне қызының «шашынан сүйреп, тұншықтырды» деп кінә таққан. Оның сөзінше, мұның барлығы бақылау камераларының жазбасына түсіп қалған. Кейін Полиция департаменті Анастасия Мурашова ұсталған кезде мас болғанын жеткізген.